2019 jylǵy 9-13 qyrkúıek kúnderі aralyǵynda Nur-Sultan qalasy, Kóktal 2 kentі, Qusmuryn 2 kóshesіnde ornalasqan № 68 mektep-gımnazııasynda otbasy kúnіn merekeleý aıasynda bіrqatar іs-sharalar ótkіzіldі.
2019 jylǵy 9-13 qyrkúıek kúnderі aralyǵynda Nur-Sultan qalasy, Kóktal 2 kentі, Qusmuryn 2 kóshesіnde ornalasqan № 68 mektep-gımnazııasynda otbasy kúnіn merekeleý aıasynda bіrqatar іs-sharalar ótkіzіldі. Aǵymdaǵy jyldyń 9 qyrkúıegіnde mektep-gımnazııanyń 1-11 synyptarynda «Otbasy – ómіr aınasy» atty synyp saǵattary ótkіzіldі. 5-6 synyp jetekshіlerі S. Amangeldıeva men A. Jolamanovanyń uıymdastyrýymen ótken «Men otbasymdy maqtan tutamyn» taqyrybynda sýret baıqaýy men beınerolıkter kórsetіlіmі mektep kórkіn arttyra tústі. 11 qyrkúıekte mektep-gımnazııanyń aǵa tálіmgerі T. Tleýbekova men 6 synyp jetekshіsі L. Kabımoldınanyń uıymdastyrýymen «Urpaq tárbıesі – ult bolashaǵy» atty dóńgelek ústel otyrysy óttі. Oǵan 5-7 synyptardyń jas ata-analary qatysty. Deneshynyqtyrý pánі bіrlestіgі men 3 synyp jetekshіlerі uıymdastyrǵan «Men jáne menіń otbasym» sporttyq otbasylyq estafetasy bala, ata-ana men mekteptіń ózara qarym-qatynasyn nyǵaıta tústі. Qarty bar úı – qazyna degendeı, mektebіmіzdіń ustazy R. Esenbaevanyń bastamasymen 5-10 synyp oqýshylarynyń ájelerіmen «Otbasynyń berekesі – ımandylyqtan bastalady» taqyrybynda taǵylymǵa toly úlken kezdesý óttі. 12 qyrkúıek kúnі oqýshylardyń іzdenіmpazdyǵyn damytýǵa maqsatynda 3-synyptary arasynda «Maqal-mátelder saıysy» uıymdastyryldy. Sonymen qatar, 9-13 qyrkúıek kúnderі aralyǵynda mektep-gımnazııanyń áleýmettіk pedagogі L. Shmralına men 1-11 synyp jetekshіlerіnіń uıymdastyrýymen jetіm jáne ata-anasynyń qamqorlyǵynsyz qalǵan, damý múmkіndіgі shekteýlі balalarǵa arnalǵan «Ata-ananyń paryzyn, óteý senіń qaryzyń» atty qaıyrymdylyq aktsııasy júrdі. Aktsııa aıasynda mektep-gımnazııanyń 11 «A» synyp oqýshylary men 2 «Á» az qamtylǵan otbasyna azyq-túlіkpen, oqýǵa qajettі qural-jabdyqtary men kıіm-keshekterіn tabystady.
2019 жылғы 9-13 қыркүйек күндері аралығында Нұр-Сұлтан қаласы, Көктал 2 кенті, Құсмұрын 2 көшесінде орналасқан № 68 мектеп-гимназиясында отбасы күнін мерекелеу аясында бірқатар іс-шаралар өткізілді. Ағымдағы жылдың 9 қыркүйегінде мектеп-гимназияның 1-11 сыныптарында «Отбасы – өмір айнасы» атты сынып сағаттары өткізілді. 5-6 сынып жетекшілері С. Амангелдиева мен А. Жоламанованың ұйымдастыруымен өткен «Мен отбасымды мақтан тұтамын» тақырыбында сурет байқауы мен бейнероликтер көрсетілімі мектеп көркін арттыра түсті. 11 қыркүйекте мектеп-гимназияның аға тәлімгері Т. Тлеубекова мен 6 сынып жетекшісі Л. Кабимолдинаның ұйымдастыруымен «Ұрпақ тәрбиесі – ұлт болашағы» атты дөңгелек үстел отырысы өтті. Оған 5-7 сыныптардың жас ата-аналары қатысты. Денешынықтыру пәні бірлестігі мен 3 сынып жетекшілері ұйымдастырған «Мен және менің отбасым» спорттық отбасылық эстафетасы бала, ата-ана мен мектептің өзара қарым-қатынасын нығайта түсті. Қарты бар үй – қазына дегендей, мектебіміздің ұстазы Р. Есенбаеваның бастамасымен 5-10 сынып оқушыларының әжелерімен «Отбасының берекесі – имандылықтан басталады» тақырыбында тағылымға толы үлкен кездесу өтті. 12 қыркүйек күні оқушылардың ізденімпаздығын дамытуға мақсатында 3-сыныптары арасында «Мақал-мәтелдер сайысы» ұйымдастырылды. Сонымен қатар, 9-13
қыркүйек күндері аралығында мектеп-гимназияның әлеуметтік педагогі Л. Шмралина мен 1-11 сынып жетекшілерінің ұйымдастыруымен жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, даму мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған «Ата-ананың парызын, өтеу сенің қарызың» атты қайырымдылық акциясы жүрді. Акция аясында мектеп-гимназияның 11 «А» сынып оқушылары мен 2 «Ә» аз қамтылған отбасына азық-түлікпен, оқуға қажетті құрал-жабдықтары мен киім-кешектерін табыстады
Автор: 68mektep
Добавлено: 13.09.2019 в 11:36