Кеше, яғни 2019 жылдың 10 қыркүйегінде сағат 11:00-де (синхронды түрде) жалпықазақстандық ашық диктант жазу ұйымдастырылды. Еліміздің барлық өңірінде аталып жатқан іс-шараның өткізілуіне себепші – «Мың бала» республикалық мәдени-ағарту жобасы. Ол – Қазақстан халқы Ассамблеясының (2025 жылға дейінгі) даму тұжырымдамасын іске асыру жөнінде 2019-2021 жылдарға арнайы іс-шаралар жоспарланған жобалардың бірі болып табылады.
Бұл іс-шараның мақсаты – ҚР тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы» 2018 жылғы 19 ақпанындағы Жарлығына сәйкес Республика азаматтарын жаңа қазақ әліпбиіне сәйкес латынша жазуға үйрету. Синхронды түрде ұйымдастырылған шара бірнеше мекеме орындарында жүзеге асырылды. Соның ішінде Қазақ мектеп-гимназиясында өтті. Жалпы алғанда диктант жазған оқушылар саны 31 жетті.
Ашық диктанттың жүргізілуін қазақ тілі пәнінің мұғалімдері қадағалап отырды.
Бұл іс-шараның бір жағынан білім деңгейіңді көтерсең, екінші жағынан сауаттылығыңды арттыруға септігі мол. Ал, ашық диктант осындай қабілеттерді жақсартуға ықпал етеді.
Маңызы бар іс-шара деп есептейміз. Осындай іс-шара жиі өткізіліп тұрса, біздің тіліміз еліміздің біртұтастығын сақтауға өз себін тигізеді деп есептеймін.
Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Сұрағанова А.Қ.
Автор: b1429skobilim
Добавлено: 10.09.2019 в 15:37