Қазақстан Республикасының Президенті Қ. Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауы
Қазақстан Республикасының Президенті Қ. Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауы
2019 жылғы 5 қыркүйек күні Нұр-Сұлтан қаласы, № 77 мектеп-гимназиясында Қазақстан Республикасының Президенті Қ. Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауын талқылау мақсатында дөңгелек үстел өтті.
2019 жыл-Жастар жылы деп жарияланғандықтан іс-шараға жас мамандар мен 11 сынып оқушылары қатысты. Жолдау жайында жас маман, өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі Уасхан Айгерім Нұрланқызы таныстырса, жас мамандар ортақ міндеттер мен сайлауалды бағдарламаларды іске асыруға қатысты ҚР Президенті Қ. Тоқаевтың ой-пікірлеріне тоқталды. Жолдау елдің болашағы үшін атқарылып жатқан игі істер екендігін айтып өтті. Себебі әрбір жолдау Қазақстанның қарқынды дамуы үшін әсері зор. ҚР Президентінің биылғы «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауында еліміздің дамуы үшін жаңа мүмкіндіктер қарастырылған. Болашағымыз жастардың қолында екендігі және жастар жаңартылған білім мазмұны арқылы білімдерін жетілдіруі қажет екенін атап өтті. Сондай-ақ, жолдауда көрсетілген 5 басымдықты атқаруға оқушылардың өз үлестерін қосуға шақырды.
11 сынып оқушылары өз ойларымен бөлісіп,келешекте осындай дөңгелек үстелдер жиі болуы туралы ұсыныстар айтты.