02.09.19 Нұр – Сұлтан қаласындағы №84 мектеп-лицейінде жоғарғы сынып оқушылары Мемлекеттік Қызмет істер агенттігінің өкілдерімен кездесіп, тағылымды дәріс сабағын алды.
«Әдеп» – тәрбиелілік, көрегенділік, әдептілік деген мағыналарды білдіретін арабтың сөзі. «Әдеп» – діндегі асыл қағидалардың негізінде адам бойында пайда болатын ізгі қасиет, кеңірек түсіндіргенде, рухтың дінмен астаса отырып, берік болуы. Діндердің барлығы бірдей кісіге әдептілікті сіңіре қояды деу қиын, ал Ислам діні адамды шынайы әдептілікке баулиды.
Кездесу барысында оқушылар ақын Абай Құнанбаевтың, Ш. Құдайбердіұлының «Адалдық» жайлы, Әл-Фараби, Қ.А.Ясауидің «Сенім» жайлы, І. Есенберлин, Б. Момышұлы, М. Жұмабаевтың «Әділдік» туралы айтқан құнды сөздерін негізге ала отырып, сыни тұрғыдан ойлауға , өмірмен байланыстара отырып, өз ойларымен бөлісті. Дәріс соңында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаменттің бас кеңесшісі Е.Ш.Айдабулин, Қ.А. Ясауидің «Әділ сөйлеп, адал жүр» деген ұлы сөзімен қорытындылай келе, оқушыларға әрдайым адал еңбек етіп, адамгершілік қасиеттерді жоғары тұту қажет екендігін айтып өтті.
Copyright © BenchMark Consulting 2018-2025. Все права защищены