Қайырлы күн, құрметті әріптестер, ата-аналар, оқушылар!
Бүгін біз жылдағы әдеттегідей сүйікті мектебіміздің қабырғасында салтанатты түрде оқу жылының басталуын атап өткелі отырмыз. Шын жүректен барлықтарыңызды осы тамаша «Білім күні» меркесімен құттықтаймын!
1 қыркүйек мерекесінің бас қонақтары дәстүрлі түрде – ол әрине бірінші сыныпқа келген бүлдіршіндер. Дәл қазір осы балақайлар жүректері лүпілдеп салтанатты сап қатарында тұр. Санаулы минуттардан кейін олар үшін ең алғашқы қоңырау сыңғырлайды, ең алғашқы сабақтары өткізіледі. Осы алғашқы қадамдарыңыздан бастап Білім әлеміндегі сапарларыңыз сәтті болсын, балалар! Мектеп сіздердің сүйікті үйлеріңізге айналсын, ал кітап пен білім – жан достарыңыз болсын! Білім әлеміне қош келдіңіздер!
Осы оқу жылы Қазақстан тарихындағы елеулі даталармен белгіленетін болды. Ұлы ғұлама, қазақ ақыны, философ, ағартушы, қазақ әдебиетінің негізін қалаушысы Абай Құнанбайұлының 175 жылдығы тойланбақ. Бұл мерейтойды тойлайтын жерлер географиясы ұлан-байтақ. Әр-түрлі континенттерде, әр-түрлі тілде ұлы Абайымыздың өлеңдері шырқалып жатады, өзінің тереңдігі және шынайылылығымен әр адамның жүрегіне әсер қалдырып.
Сонымен бірге осы оқу жылында біздің балалар Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күнінің 75 жыл мерейтойын атап өтуіне үлес қосады. Аталарымыздың беріп кеткен батырлық пен патриоттық сабақтары біз үшін ұлы сабақ болып қалады. Жеріміздің бейбіт өмірін сақтап қалу үшін жасаған ерліктерін ешқашан ұмытпаймыз. Олар әрқашан біздің жүрегімізде!
Сонымен бірге биылғы жыл – Жастар жылы. Бұл жылы алға ұмтылған, тырысқан, мемлекетімізідің жарқын болашағы боламын деген саналы жастар үшін ұлкен мүмкіндіктер ашылған. Отанымыздың болашағы – ол сауатты, білікті және білімқұмар жастар. Осы жастар өздерінің жетістік жолын дәл осы мектеп қабырғасынан бастаған.
Барлық балаларға оқуларыңда үлкен жетістіктерге жетуді тілеймін, ал ұстаздар мен ата-аналарға сүйікті балаларын жетістіктерге жетелеу жолында шыдамдылық пен күш-қуат тілеймін!
Copyright © BenchMark Consulting 2018-2026. Все права защищены