Білім күні-алғашқы қоңырау, көптеген гүлдер мен ақ бантиктер.Ол алғаш рет мектеп табалдырығын аттайтындар үшін көптен күткен күн.
Білім күні-алғашқы қоңырау, көптеген гүлдер мен ақ бантиктер.Ол алғаш рет мектеп табалдырығын аттайтындар үшін көптен күткен күн. Бұл-бірінші сынып оқушылары мен бірінші курс студенттері үшін үлкен мейрам. Олар жаңа өмірге қадам басады. Сол себепті олар үшін бұл күн –ең әсерлі әрі ұмытылмас болып қалады. Бұл партаға алғаш рет отырмаса да, ұзақ әрі қызықты, жаңалыққа толы мектеп жолына кезекті қадам жасайтындардың мейрамы.
Сондай-ақ бұл жыл рухани және мемлекеттік өмірдің әртүрлі даталарымен мәнді.Ел басы 2019 жылды Жастар жылы деп жариялады. Келесі жылы Еріктілер жылы болып жариялады. Сондай-ақ биыл ұлы ақын,ағартушы,ойшыл,жазбаша қазақ әдебиетінің негізін салушы,философ,композитор,аудармашы,саяси қайраткер Абай Құнанбаевтың туғанына 175 жыл толады. Салтанатты сапқа тұру рәсімі 1 қыркүйек күні мектебіміздің аланында өтті.
Төмендегідей құрметті қонақтар келді:
1.ҚР Индустрия және инфрастуктуралық даму министрлігі Скляр Роман Васильевич.
2.Нұр-Сұлтан қаласы ББ бас маманы Жұманова Гүлмира Елеусізқызы.
3.Біздің мектептің құрметті қонағы,халық ағарту ісінің үздігі,білім берудің құрметті қызметкері, Ы.Алтынсарин белгісімен,Еңбек жолы үшін Ерен еңбегі үшін медальдарымен марапатталған Дембицкая Раиса Самсоновна.
4.Қамқоршылық кеңесшінің төрағасы Қамзолдаев Марат Болысбекұлы.
Автор: 31mektep
Добавлено: 01.09.2019 в 21:21