Меню KDT
Адалдық сағаты

Адалдық сағаты






2 қыркүйек күні мектебімізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұйым қызметкерлері 11 сынып оқушыларымен жалпыреспубликалық біріңғай «Адалдық сағатын» өткізді.

             Ізеттілік, парасаттылық, адалдықты барлық қоғам болып қалыптастыру қажет, себебі ол ұлттың рухани азығы, дамушы қоғамның өмір нормасы. Жастар Қазақстан болашағының қозғалыс күші, қазіргі аға буынның ізін жалғаушылар.

             Қоғамның дамуы үшін адалдықтың бірнеше принциптеріне сүйенген жөн. Мемлекеттің дамуы жас ұрпақтан бастап маңызды мемлекеттік шешім қабылдайтын билік басындағы өкілдердің  барлығын жұмылдыру арқылы ғана жүзеге асады.

             Осы орайда үлкен үміт пен жауапкершілік тек жастарға артылып отыр, себебі жастар ұлттық бәсекеге қабілеттілікті жоғары қойып, ХХІ ғасырдағы Қазақстанды әлемдік танылу мен гүлденуді қамтамасыз етуі керек.

             Отан өз жеріне, тарихына, мәдениетіне, халқына, мемлекеттік рәміздерге деген құрметті қалыпастыратын отбасынан басталады.

         Адалдық  әрбір қазақстандық үшін өмірдегі басты қағида болуы тиіс. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік осындай игі іс-шаралар жас ұрпақты тәрбиелеуде жақсы үлгі болады деп сенеді.


Комментариев нет
352 просмотров
Автор: 27mektep
Добавлено: 03.09.2019 в 17:07

Возможно вас заинтересует...!