Меню KDT
«Мектепке барар жол»

2019 – 2020 жаңа оқу жылы қарсаңында №65 мектеп – гимназиясының 11 «Ә» сынып түлектері «Мектепке барар жол» атты акциясымен бастады.


2019 – 2020 жаңа оқу жылы қарсаңында №65 мектеп – гимназиясының
11 «Ә» сынып түлектері «Мектепке барар жол» атты акциясымен бастады.

 

Іс – шараның мақсаты оқушылардың бойында мейірімділік, қамқорлық сезімдерін ұялатып, арттарынан ерген іні – бауырларына қолдау көрсетіп, жауапкершілік сезімін сездіру.

Бұл акцияға сыныптың оқушылары және ата – аналары ат салысып, қолдарынан келген көмектерін көрсетті. Көмек мектебіміздегі көпбалалы отбасына мектепке қажетті кеңсе тауарларымен қамтамасыз ету болды. 8 «Б» сынып оқушысы Семсерхан Бақдаулет және 2 «А» сынып оқушысы Семсерхан Ердаулетке 29 тамызда 11 «Ә» сынып оқушылары заттарды табыстады.

Балаларға сабақтарын жақсы оқып, Қазақстанның беделді азаматтары болуды, улкен жетістіктерге жетіп, шыңдарды бағындыруды шын жүректен тілейміз.

 

 

11 «Ә» сынып оқушылары және

                                                                  сынып жетекшісі Бекетаева Д.К.


Комментариев нет
459 просмотров
Автор: 65mektep
Добавлено: 02.09.2019 в 21:13

Возможно вас заинтересует...!