2019 jylǵy 1 qyrkúıek kúnі Nur-Sultan qalasy, Kóktal 2 kentі, Qusmuryn 2 kóshesіnde ornalasqan № 68 mektep-gımnazııasynda dəstúrlі mereke bastaýy – Bіlіm kúnіne arnalǵan «Sanaly urpaq – jarqyn bolashaq» atty saltanatty іs-sharasy óttі.
2019 jylǵy 1 qyrkúıek kúnі Nur-Sultan qalasy, Kóktal 2 kentі, Qusmuryn 2 kóshesіnde ornalasqan № 68 mektep-gımnazııasynda dəstúrlі mereke bastaýy – Bіlіm kúnіne arnalǵan «Sanaly urpaq – jarqyn bolashaq» atty saltanatty іs-sharasy óttі. Bul mereke mektep qabyrǵasynan qanat qaǵyp ushqaly otyrǵan túlekter úshіn alǵashqy qońyraýdyń sońǵy syńǵyry bolsa, altyn uıa mektep tabaldyryǵyn alǵash attaǵaly otyrǵan baldyrǵandar úshіn qyzyqty jańa kezeń. 2019-2020 oqý jylynda mektep-gımnazııaǵa jalpy sany 1843 oqýshy tіrkelіp, onyń іshіnde 252 oqýshy alǵash ret 1 synyp oqýshysy bolyp mektep tabaldyryǵyn attady. Saltanatty jıynǵa Qamqorshylyq keńesіnіń tóraıymy Q. Ýtýbaeva men keńes múshelerі: L. Gýmılev atyndaǵy Eýrazııa ulttyq ýnıversıtetі, áleýmettіk ǵylymdar fakýltetіnіń dekany B. Kashhynbaı, Nur-Sultan qalasynyń Bіlіm berýdі jańǵyrtý ortalyǵy, IT bólіmіnіń basshysy D. Baıtasov, Eksplýatatsııa jónіndegі Basqarma tóraǵasynyń orynbasary B. Bılıalov, Nur-Sultan qalasy, Saryarqa aýdany ákіmі apparatynyń ınfraqurylym bólіmіnіń mamany A. Kýlýnshakov, ata-analar komıtetіnіń múshesі Q. Mysyrǵajy qurmettі qonaqtary retіnde qatysty. Mektep-gımnazııa dırektory K. Baıahmetbaeva ata-analar men Kóktal 2 kentіnіń turǵyndaryn Bіlіm kúnіmen quttyqtap: Bіlіm kúnі shyn mánіnde búkіl halyqtyq mereke. Bul meıramnyń ár bala ómіrіnde alar orny erekshe. Mektep tabaldyryǵyn tuńǵysh attaıtyn balalardyń júregіnde búgіngі kún máńgі saqtalady. Bіrіnshі synyp oqýshylary úshіn alǵashqy sáýlelі sát qana emes, sonymen qatar jarqyn bolashaǵyna jasaıtyn mańyzdy qadam. Mekteptegі ár saǵaty qyzyqty sabaqtar men tańǵajaıyp jańalyqtarǵa ushtasatyny sózsіz.
Qoǵam kún sanap ózgerіp jatyr. Ótkendі sarapqa salyp, sabaq alatyn, keler kúnge kelіstі jospar jasap, naqty mejeler belgіleıtіn aıtýly kún. Osyǵan oraı jańartylǵan bіlіm mazmuny aıasynda tyńnan túren salyp, mańyzdy ulttyq jobalar іske asýda. Mektep-gımnazııada «Shuǵyla» qosymsha bіlіm berý, «Alash joly», «Batyr bolamyn» qoǵamdyq qory ortalyqtary jáne 6 «G», 7 «Á» kadet synyptary ashylyp, A. Qunanbaevtyń 175 jyldyǵyna oraı HH respýblıkalyq «Abaı oqýlary» konkýrsynan 2 oqýshy II oryn ıelenіp, aıtarlyqtaı naqty baǵyttarmen jańa oqý jyly bastaldy. Ózgerіs ataýlynyń bárі, eń aldymen, sіzderdіń aıaýly ustazdardyń boıynan ótіp, bolashaqqa baǵyt alady. Mártebelі ustaz týraly Baýyrjan Momyshuly: «Ustazdyq – ulyq emes, uly qyzmet. Sebebі urpaqtardy ustaz tárbıeleıdі. Bolashaqtyń basshysyn da, danasyn da, ǵalymyn da, eńbekqor egіnshіsіn de, kenshsіnde ustaz ósіredі. Ómіrge urpaq bergen analardy qandaı ardaqtasaq, sol urpaqty tárbıeleıtіn ustazdardy da sondaı ardaqtaýǵa mіndettіmіz», - degen. Jaһandanýdyń qazіrgі kezeńіnde joǵary sapaly bіlіm qajet. Búgіngі tańda ekonomıkalyq ósý jáne azamattardyń ál–aýqaty úshіn bіlіmnіń aıtarlyqtaı mańyzdy ekenіn búkіl álem moıyndaýda. Búgіngі óskeleń urpaqty muǵalіm qalaı tárbıelese, Qazaqstannyń deńgeıі de sondaı bolatyndyǵyn, sondyqtan ustazǵa júkteletіn mіndetіń mańyzdy ekenі belgіlі.
Eńbektіń eń úlkenі – Bіlіm! Ǵalamdaný úderіsі kezeńіnde bіz berіletіn bіlіm sapasy men oqytý úderіsіne erekshe kóńіl bólýіmіz kerek. Sonda ǵana básekege qabіlettі el bolamyz. – dep atap óttі. Kúmіs qońyraýdy soǵý rásіmі 1-synyp oqýshysy Dýlat Amına men 11-synyp oqýshysy, «Altyn belgі» úmіtkerі Erden Nurasylǵa berіldі. Sondaı-aq, merekede júrekterі lúpіl qaqqan 1 synyp oqýshylary táp-táttі tіlderіmen taqpaqtaryn aıtyp, án shyrqady. Abaıdyń 175 jyldyǵy qarsańynda 8 «A» synyp oqýshysy Q. Esіmseıіt aqynnyń óleń joldaryn oqysa, «Jastar jyly» aıasynda mektebіmіzdіń segіzіnshі túlekterі mektep bіtіrýshі іzbasarlaryna sáttіlіk tіledі.
2019 жылғы 1 қыркүйек күні Нұр-Сұлтан қаласы, Көктал 2 кенті, Құсмұрын 2 көшесінде орналасқан № 68 мектеп-гимназиясында дəстүрлі мереке бастауы – Білім күніне арналған «Саналы ұрпақ – жарқын болашақ» атты салтанатты іс-шарасы өтті. Бұл мереке мектеп қабырғасынан қанат қағып ұшқалы отырған түлектер үшін алғашқы қоңыраудың соңғы сыңғыры болса, алтын ұя мектеп табалдырығын алғаш аттағалы отырған балдырғандар үшін қызықты жаңа кезең. 2019-2020 оқу жылында мектеп-гимназияға жалпы саны 1843 оқушы тіркеліп, оның ішінде 252 оқушы алғаш рет 1 сынып оқушысы болып мектеп табалдырығын аттады. Салтанатты жиынға Қамқоршылық кеңесінің төрайымы Қ. Утубаева мен кеңес мүшелері: Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті,
әлеуметтік ғылымдар факультетінің деканы Б. Кашхынбай, Нұр-Сұлтан қаласының Білім беруді жаңғырту орталығы, ІТ бөлімінің басшысы Д. Байтасов, Эксплуатация жөніндегі Басқарма төрағасының орынбасары Б. Билялов, Нұр-Сұлтан қаласы, Сарыарқа ауданы әкімі аппаратының инфрақұрылым бөлімінің маманы А. Кулуншаков, ата-аналар комитетінің мүшесі Қ. Мысырғажы құрметті қонақтары ретінде қатысты. Мектеп-гимназия директоры К. Баяхметбаева ата-аналар мен Көктал 2 кентінің тұрғындарын Білім күнімен құттықтап: - Білім күні шын мәнінде бүкіл халықтық мереке. Бұл мейрамның әр бала өмірінде алар орны ерекше. Мектеп табалдырығын тұңғыш аттайтын балалардың жүрегінде бүгінгі күн мәңгі сақталады. Бірінші сынып оқушылары үшін алғашқы сәулелі сәт қана емес, сонымен қатар жарқын болашағына жасайтын маңызды қадам. Мектептегі әр сағаты қызықты сабақтар мен таңғажайып жаңалықтарға ұштасатыны сөзсіз.
Қоғам күн санап өзгеріп жатыр. Өткенді сарапқа салып, сабақ алатын, келер күнге келісті жоспар жасап, нақты межелер белгілейтін айтулы күн. Осыған орай жаңартылған білім мазмұны аясында тыңнан түрен салып, маңызды ұлттық жобалар іске асуда. Мектеп-гимназияда «Шұғыла» қосымша білім беру, «Алаш жолы», «Батыр боламын» қоғамдық қоры орталықтары және 6 «Г», 7 «Ә» кадет сыныптары ашылып, А. Құнанбаевтың 175 жылдығына орай ХХ республикалық «Абай оқулары» конкурсынан 2 оқушы ІІ орын иеленіп, айтарлықтай нақты бағыттармен жаңа оқу жылы басталды. Өзгеріс атаулының бәрі, ең алдымен, сіздердің аяулы ұстаздардың бойынан өтіп, болашаққа бағыт алады. Мәртебелі ұстаз туралы Бауыржан Момышұлы: «Ұстаздық – ұлық емес, ұлы қызмет. Себебі ұрпақтарды ұстаз тәрбиелейді. Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншсінде ұстаз өсіреді. Өмірге ұрпақ берген аналарды қандай ардақтасақ, сол ұрпақты тәрбиелейтін ұстаздарды да сондай ардақтауға міндеттіміз», - деген. Жаһанданудың қазіргі кезеңінде жоғары сапалы білім қажет. Бүгінгі таңда экономикалық өсу және азаматтардың әл–ауқаты үшін білімнің айтарлықтай маңызды екенін бүкіл әлем мойындауда. Бүгінгі өскелең ұрпақты мұғалім қалай тәрбиелесе, Қазақстанның деңгейі де сондай болатындығын, сондықтан ұстазға жүктелетін міндетің маңызды екені белгілі.
Еңбектің ең үлкені – Білім! Ғаламдану үдерісі кезеңінде біз берілетін білім сапасы мен оқыту үдерісіне ерекше көңіл бөлуіміз керек. Сонда ғана бәсекеге қабілетті ел боламыз. – деп атап өтті. Күміс қоңырауды соғу рәсімі 1-сынып оқушысы Дулат Амина мен 11-сынып оқушысы, «Алтын белгі» үміткері Ерден Нұрасылға берілді. Сондай-ақ, мерекеде жүректері лүпіл қаққан 1 сынып оқушылары тәп-тәтті тілдерімен тақпақтарын айтып, ән шырқады. Абайдың 175 жылдығы қарсаңында 8 «А» сынып оқушысы Қ. Есімсейіт ақынның өлең жолдарын оқыса, «Жастар жылы» аясында мектебіміздің сегізінші түлектері мектеп бітіруші ізбасарларына сәттілік тіледі.

Автор: 68mektep
Добавлено: 01.09.2019 в 15:00