Әрбір адамның өміріндегі ерекше ұмытылмас балалықтың балғын сәті - ол ең алғаш рет мектеп есігін ашып, алғашқы қоңырау үнінің сыңғырын естіген күні. Әр ата - ана болашағынан үміт күткен балапанын үкілеп, мектепке жетелеп әкелсе, алғашқы ұстазы шәкіртін асқақ арманымен қарсы алады. Бұл күн еліміздің барлық тұрғындарының басын біріктіретін - ұлы мереке! Бұл - еліміздің болашағын айқындайтын қызу қайнаған, жауапты кезеңнің бастамасы. Дәл осы күннен бастап, сыңғырлаған алғашқы қоңырау үнімен бірге алтын ұя мектепке келген әрбір тұлғаның азамат ретінде қалыптасу кезеңі басталады.
Әрбір адамның өміріндегі ерекше ұмытылмас балалықтың балғын сәті - ол ең алғаш рет мектеп есігін ашып, алғашқы қоңырау үнінің сыңғырын естіген күні. Әр ата - ана болашағынан үміт күткен балапанын үкілеп, мектепке жетелеп әкелсе, алғашқы ұстазы шәкіртін асқақ арманымен қарсы алады.
Бұл күн еліміздің барлық тұрғындарының басын біріктіретін - ұлы мереке! Бұл - еліміздің болашағын айқындайтын қызу қайнаған, жауапты кезеңнің бастамасы. Дәл осы күннен бастап, сыңғырлаған алғашқы қоңырау үнімен бірге алтын ұя мектепке келген әрбір тұлғаның азамат ретінде қалыптасу кезеңі басталады.
Баршаңызды бүгінгі жаңа оқу жылының басталуымен шын жүректен құттықтаймын. Күздің бүгінгі жайма шуақ күні көңілдеріңізге нұр құйып, жаңа жетістіктер мен оң өзгерістерге жетуге, келешегіміз кемел, болашағымыздың нұрлы болуына тілектеспін!
Бүгінгі күн сіздер үшін Білімге деген сапарларыңыздың Алтын көпірі болсын!
№ 48 мектеп - лицей директоры Садыкова Зауре Жакановна
Copyright © BenchMark Consulting 2018-2025. Все права защищены