2019 jylǵy 29 tamyz kúnі Nur-Sultan qalasy, Kóktal 2 kentі, Qusmuryn 2 kóshesіnde ornalasqan №68 mektep-gımnazııasynda kezektі pedagogıkalyq keńes otyrysy óttі.
2019 жылғы 29 тамыз күні Нұр-Сұлтан қаласы, Көктал 2 кенті, Құсмұрын 2 көшесінде орналасқан №68 мектеп-гимназиясында кезекті педагогикалық кеңес отырысы өтті. Мектеп психологтарының «Амандасу» тренингімен басталған педагогикалық кеңесте сөз кезегін алған мектеп директоры К. Баяхметбаева ұстаздар қауымын жаңа оқу жылымен құттықтап, тамыз кеңесінде көтерілген мәселелермен таныстырды.
Педагогикалық кеңестің теориялық бөлімінде мектеп басшысы білім беру жолындағы оң өзгерістер және өткен оқу жылындағы жеткен жетістіктер мен бірқатар мәселелерге тоқталып өтті. Мектептің білім сапасын көтеру жолындағы алға қойылған мақсат-міндеттерін айқындады. Деңгейлік курстардан өтіп, жаңашылдыққа бет бұра алған ұстаздар мектептің қазіргі таңдағы өзекті мәселелерін жан-жақты талқылап, өз ойларын ортаға салып, топпен бірге ұжымдық жұмыс жасай білді.
Тәжірибелік бөлімді директордың ғылыми – әдістемелік жөніндегі орынбасары Л. Сарсембекова коучинг түрінде өткізді. Коучингтың мақсаты: топпен бірлесе отырып, білім сапасын арттыру, өзектілікті анықтау және шешу жолдарын ұсыну болды. Топтардың барлық мүшелерімен жазбаша кері байланыс жасалып, педагогикалық кеңес соңында әр топ тақырыптары бойынша шешімдері хаттамаға тіркелді.
Copyright © BenchMark Consulting 2018-2025. Все права защищены