Соңғы жылдары елімізде білім беру саласының дамуына мемлекет тарапынан көптеген қолайлы жағдай жасалуда. Бұл өз кезегінде оқу-ағарту ісінің кеңге қанат жаюына жол ашпақ. Сапалы білім беріп, саналы ұрпақ тәрбиелеу болашаққа жасалған басты – инвестиция.
Все права защищены. Любое использование материалов допускается только при наличии гиперссылки на https://bilimdinews.kz/?p=48272 - Қызылорда қаласында құны 974,4 миллион теңгені құрайтын 600 орындықты заманауи мектеп салынуда
Қай кезде де бұл саланың қоғам өмірінде алатын орны ерекше. Бұл бағытта маңызды жобалар, іргелі реформалар қолға алынуда. Елбасының жыл сайынғы Жолдауларында бұл мәселе кеңінен қамтылып келеді. Жылдан-жылға Қызылорда қаласында білім саласының көкжиегі кеңейіп келеді. Осы мақсатта нақты нәтижеге жол ашылды. Бүгінде мектептері цифрлық технологияға ерекше ықылас танытып отыр. Электронды күнделік, интерактивті карта мен тақта, автоматтандырылған күнделік жүйесі кейбір мектептерде қолданысқа енгізілген. Осы орайда, қаладағы №3 мектеп-лицейі облыс орталығындағы алғашқы инновациялық оқу ошағына айналып отыр. Ол информатика бағытындағы тірек мектебі ретінде болып белгіленді. Талапқа сай интерактив құралдармен қайта жабдықталды. Онда өрендерге жаңа бағытта білім беру үшін STEM жүйесі бойынша IT және роботехника сыныбы пайдалануға берілген.
Все права защищены. Любое использование материалов допускается только при наличии гиперссылки на https://bilimdinews.kz/?p=48272 - Қызылорда қаласында құны 974,4 миллион теңгені құрайтын 600 орындықты заманауи мектеп салынуда.
Сонымен қатар, алдағы уақытта «ІТ жол картасы», 3D кабинеттер, цифрлық зертханалар дайындау жоспарда бар. Облыс орталығында білім саласы бойынша көптеген мәселе оң шешімін тапты. Мәселен, мектептерде үш ауысымда оқу түбегейлі шешілді. Сондай-ақ, қаламыздағы 3 пен 6 жас аралығындағы бүлдіршіндерді балабақшамен қамту түбегейлі шешілді. Жаңа инновациялық тәсілдер негізінде мектептерге жағдай жасау – қоғамның алға қойған мақсатының бірі. Бұл бағытта қалада ауқымды іс-шаралар жүргізіліп келеді. Мәселен, былтыр «Электронды балабақша» автоматтандырылған жүйесі мектепке дейінгі 237 білім беру ұйымына енгізілді. Сонымен қатар, 2018 жылдың 1 қаңтарынан жаңартылған білім мазмұны бойынша 1, 2, 5, 7 сыныптарға сабақ беретін 4003 мұғалімнің жалақысы 30 пайызға артты. Бұл – жасалып жатқан еңбектің нәтижесі болатынын көрсетеді. Одан бөлек, осы оқу жылынан бастап 3, 6, 8 сыныптарға сабақ беретін 1545 ұстаздың жалақысы 30 пайызға көбейіп, ұстаздар қуанышын еселей түсті. Қазіргі таңда мемлекет тарапынан аталмыш сала кең қолдауға ие. Жыл сайын қала бюджетінің біршама бөлігі аталмыш салаға бағытталады. Білім беру нысандарының саны да жылма-жыл еселеп артуда. Мәселен, 2018 жылы Тасбөгет кентінен 140 орындық жаңа балабақша пайдалануға берілді. Құны 527 млн. теңгені құрайтын аталмыш мекеме заманауи талаптарға сай жабдықталған және барлық бөлмесіне жылы едендер орнатылған. Облыс орталығындағы жаңа тұрғын үй кешені аумағы – Жаппасбай батыр көшесіндегі жаңа мөлтек ауданда 600 орындық мектеп бой көтеріп келеді. Жоба құны – 974,4 млн. теңге.
Все права защищены. Любое использование материалов допускается только при наличии гиперссылки на https://bilimdinews.kz/?p=48272 - Қызылорда қаласында құны 974,4 миллион теңгені құрайтын 600 орындықты заманауи мектеп салынудаБиыл да бұл салада бірқатар нысан құрылысы жүргізіліп, ел игілігін көреді деген жоспар бар. Осы орайда қалада мектепке дейінгі тәрбие және оқыту, білім беру нысандарын салу қарқынды жүргізілмек. Жас ұрпаққа білім мен тәрбие беру ісіне жоғары деңгейде маңыз бөлінуі орынды. Білім саласының жан-жақты өркендеуіне жасалған жағдай осылайша лайықты жалғасын таппақ. 2019 жылдан бастап бірқатар білім ошақтары жаратылыстану бағытын тереңдетіп оқытуға назар аударды.Интернет желісінің жылдамдығын арттырып, «Күнделік KZ» электронды журналына толықтай көшуді қамтамасыз етуді жоспарлап отыр. Жылдан-жылға Қызылорда қаласында аталмыш саланың көкжиегі кеңейіп келеді. Сапалы білімнің қолжетімділігін арттыруға жағдай жасау арқылы оның серпінді дамуына ықпал етуге болады. Өркениет талабына сай болуда қаламыздағы оқу ошақтары өз белсенділігін танытуда.
Все права защищены. Любое использование материалов допускается только при наличии гиперссылки на https://bilimdinews.kz/?p=48272 - Қызылорда қаласында құны 974,4 миллион теңгені құрайтын 600 орындықты заманауи мектеп салынуда.
Copyright © BenchMark Consulting 2018-2024. Все права защищены