Мемлекеттік жалпыға міндетті стандарт жобасындағы өзгерістер мен толықтыруларды бастауыш / негізгі орта білім беру бойынша
Шу ауданы білім бөлімінің Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебі
Педагогикалық ұжымда мектеп директоры М.Сұлтанова «Мемлекеттік жалпыға міндетті стандарт жобасындағы өзгерістер мен толықтыруларды бастауыш / негізгі орта білім беру бойынша» жобаны ұжымға таныстырып, талқылады.
Таныстырылым барысында стандарт пен оқу жоспарларына енгізілген өзгерістердің ерекшеліктері туралы айтылды. Стандарт жобасы ғылыми зерттеулер негізінде әзірленіп, құндылықтарға бағытталғанын атап өтті. Сонымен қатар, Стандарттың талаптарын оқу жоспарларын, оқу бағдарламаларын, оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерін, педагогтердің біліктілігін арттыру курстары бағдарламаларының мазмұнын әзірлеуде, тәрбие жұмысын ұйымдастыруда, мектепішілік бақылауда, педагогтерді аттестаттауда, оқыту нәтижелерін бағалауда, білім алушыларды қорытынды аттестаттау және білім жетістіктеріне мониторинг жүргізуде орындау міндетті екендігі айтылды.
Аталған құжат жобалары жан-жақты талқыланды. Талқылау барысында ұстаздар қойған бірқатар сұраққа толыққанды жауап берілді.
.
Автор: tolebimakataeva
Добавлено: 26.11.2024 в 16:00