Меню KDT
Дүниежүзілік ЖИТС құрбандарын еске алу күні


Әлемнің барлық елдерінде жыл сайын мамырдың үшінші жексенбісі жүре пайда болған иммун тапшылығы синдромы (ЖИТС) құрбандарын Дүниежүзілік еске алу күні аталып өтіледі. Бұл акцияны өткізудің мақсаты ЖИТС-тан қайтыс болған адамдардың проблемаларына әлемдік қоғамдастықтың назарын аудару, АИТВ бар екені және адамдарға АИТВ/ЖИТС жағдайын өздері өзгерте алатыны туралы ескерту. Бұл күні адамдар өздерінің өмірден өткен достары мен жақындарын еске алады, індетке шалдыққандарды қолдап, АИТВ/ЖИТС-қа қарсы күреске арналған акцияларға қатысады.
ЖИТС құрбандарын еске алу күні алғаш рет 1983 жылы (АҚШ) Сан-Франциско қаласында аталып өтті. Содан соң ЖИТС-ке қарсы қозғалыс символикасы, қызыл лентаны суретші Фрэнк Мур 1991 жылғы сәуірде ойлап шығарды. Қызыл лента ЖИТС пен күресудің жалпыға танылған символына айналды және індетке шалдыққан адамға деген ынтымақтастық болып табылады.
Адамның иммун тапшылығы вирусының көлемі жаһандық сипатқа ие болды және көптеген әлем елдерінің әлеуметтік экономикалық дамуына шынымен қауіп туғызып отыр. Вирус айналымы нашақорлар ортасынан шығып, ЖИТС індеті ақырындап дамудың жаңа сатысына өтіп, тұрғындардың жалпы популяциясына шығуда, бұл жұқтырғандар арасында әйелдердің үлес салмағы артып келеді.
Әлемде АИТВ жұқтырғандарды кемсіту жоғары деңгейде. АИТВ жұқтырғандардың құқығы жиі бұзылады: оларды жұмысқа қабылдамайды, балаларды мектепке дейінгі мекемелерге орналастыру қиын. Заңнама мен көптеген елдегі азаматтардың менталитеті АИТВ жұқтырған адамдарға қатысты төзімділік танытуға қабілеті жоқ. АИТВ жұқтырғандар әлеуметтің жағымсыз бөлшегі ретінде қабылданатын болды.
Стастистиктердің деректері бойынша ЖИТС-тан 25 миллионнан астам адам қайтыс болған. АИТВ/ЖИТС мәселелері туралы айтқанда, адамдар көбіне маңызды детальды жіберіп алады: АИТВ/ЖИТС өзара байланысты құбылыс болғанымен әртүрлі. ЖИТС - бұл адамның иммун тапшылығы вирусымен (АИТВ) тудыратын жағдай. Мәселені айта отырып, АИТВ/ЖИТС жайында дұрыс айта білу керек. Кез келген АИТВ-ға оң нәтижелі адам туралы «ЖИТС-пен ауырады» деп айтқан дұрыс емес.
АИТВ адам организміне тек қана үш жағдайда енетінін есте сақтау қажет: қан, сперма және емшек сүті арқылы. Тағы да маңызды ескерту. АИТВ бірден пайда болмайды, тек жұқтырғанан кейін 3-6 ай өткен соң ғана. Және адам өзін өте жақсы сезінуі мүмкін. ЖИТС – бұл әр адамға қытысты. Адам бұндай ауруға лайық емес. Бірақ өзімізді және жақындарымызды қорғау үшін барлық шараларды қабылдайық. Қоғамның міндеті- АИТВ жұқтырған адамдарға толық қанды өмір сүру жағдайын жасау, оларға қатысты әр түрлі формадағы кемсітуге жол бермеу. ЖИТС-тің шегі, ұлты, жынысы, жасы жоқ және ешкімді де аямайды.

 


Комментариев нет
27 просмотров
Автор: b0523skobilim
Добавлено: 19.05.2020 в 09:59

Возможно вас заинтересует...!