Меню KDT
Қостанайлық оқушы WorldSkills Hi-Tech чемпионатынан 2 орын алды

Қостанай қаласындағы М.Горький атындағы гимназияның 10-сынып оқушысы Анастасия Димұхаметова Екатеринбург қаласында өткен халықарарлық WorldSkills Hi-Tech чемпионатынаy екінші орынға ие болды 


Анастасия 14-16 жастағы балаларға арналған «Инженерлік дизайн, машина жасауды жобалау» аталымында бақ сынады. Талантты оқушының халықаралық білім жарысына дайындалуына ұстаздары Андрей Лисовский мен Галина Лисовская көп еңбек сіңіріпті.
Айта кетейік, биылғы WorldSkills Hi-Tech чемпионатына Ресейдің және 9 елден 597 үміткер қатысқан. Оған Ресейден және басқа елдерден 450 сарапшы келген. Ресейдің Екатеринбург қаласындағы «Екатеринбург-Экспо» халықаралық көрме орталығында үш күн бойы өткен байқауда 36 команда бақ сынасты. Онда негізінен машина жасау ісіне маңыз беріліпті.
«Біздің оқушылар бұл жарысқа бұрын да қатысқан еді. Ол кезде үшінші орын алған болсақ, биыл екінші орынға көтерілдік. Байқауда робот техникасы, машина жасау және басқа да аталымдар болды. Біз «Инженерлік дизайн» бағытын таңдадық. Настя 4 жылдан бері машина жасау ісін жүргізетін қосымша сабаққа қатысып келеді» 


Комментариев нет
217 просмотров
Автор: b0536skobilim
Добавлено: 09.11.2018 в 23:33

Возможно вас заинтересует...!